Шымкентте үйлердің ауласын су басу қаупі төнді

Шымкентте де толассыз жауған жауын салдарынан бірнеше тұрғын үйдің ауласын су басу қаупі бар. 

Республика даңғылындағы жер асты өткелі аумағында, Арғынбеков пен Өтегенов атындағы көшелердің  қиылысында, Желтоқсан көшесі мен Көксай-3, Нұртас, Тұран шағын аудандарында су жайылып, тұрғындарды әбігерге салды. Құтқарушылар  біраз жеге қолдан бөгет жасап, су бағытын бұрды. Жеке құрамның 61 қызметкері мен 17 техника жұмылдырылды. Мотопомпалардың көмегімен 336 текше метр су шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар дауылды ескертулерге мән беру керектігін айтады.

Төреғали Үркінбаев, қалалық ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы:

- Департаменттің дағдарыс жағдайлар орталығына 15 хабарлама түсті. Оның 12 мекен-жайы бойынша жеке құрамы күнімен жұмыс атқарды. Су шығару жұмыстарын жүргізді. Судың жолын бекіту, бөгет салу үшін 300 дана қап қойылды. 336 куб су шығарылды.