Оралда алғаш рет хоспис ашылды

Оралда онкологиялық диспансер жанынан хоспис ашылды.

Жоба жергілікті кәсіпкер есебінен жүзеге асырылып отыр. Жаңа медициналық ғимарат 31 орынға шақталған. Дерті асқынып кеткен науқастар енді осы жерде жатып ем алады. Оларға 20 медициналық қызметкер көмек көрсетеді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде жыл сайын мыңнан астам адамнан обыр ауруының белгілері анықталады. Науқастардың 15%-і паллиативті көмекке мұқтаж болады екен.

Зейіл Мағзомов, облыстық онкологиялық диспансердің директоры: 

- Бұл мекемеде ауыртпалықты басу, жалғыз қалмауға, қорқынышты басу мақсатында қызмет қылады. Кереуеттің төртеуі сервистік палата болып саналады. Яғни ақылы келіп жатқыза алады.