«АрселорМиттал Теміртау» иесінің әрекетсіздігіне құқық тұрғысынан баға беріледі

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы иесінің әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.

Бұдан былай еңбек қауіпсіздігін сақтамаған өндіріс орындарының басшылары қатаң жазаланады. Премьер-министр Әлихан Смайылов Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға осындай өзгеріс енгізілетінін айтты. Үкімет жақын арада елдегі ең ірі көмір өндірушінің лицензиясын ұзартқан. Келісім-шартқа қосымша жаңа талаптар енгізілген. Өндіріс орыны жыл сайын еңбек қауіпсіздігін сақтау мен жаңғырту жұмыстарына 150 млрд теңге жұмсауы тиіс.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекет тарапынан қадағалау шаралары күшейтіледі. Қауіпті өндіріс орындарындағы техникалық қайта жаңғыртуға жұмсалатын қаржыландыру көлемін заң аясында бекіту көзделіп отыр. Ол компанияның жылдық табысының 1 процентінен кем болмауы қажет.