Елімізде 29 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 29 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 828 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 79-ы ауруханаға жатқызылған, 749 науқас амбулаториялық деңгейде дәрігерлерге қаралып жүр. Екі азаматтың хәлі мүшкіл. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар да бар.