Еліміздегі 106 мыңнан астам отбасы өрт қауіпсіздігі бойынша есепке алынды

Еліміздегі 106 мыңнан астам отбасы өрт қауіпсіздігі бойынша есепке алынды

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі 106 мыңнан астам отбасыны өрт қауіпсіздігі бойынша есепке алды.

Бұл туралы вице-министр Марат Күлдіков мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандар рейд жүргізіп, үйлерді аралағанда осыншама адамның жауапсыздығын байқаған. Дегенмен, кемшілік анықталған отбасыларға айыппұл салып жатқан жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі жеке тұрғын үй секторын жауапкершілікке тартпайды. Тек өзіңізді және отбасыңызды өрттен және көміртегі тотығымен уланудан қалай қорғауға болатындығы туралы ұсыныстар береді, - деді Марат Күлдіков.