Алматы облысында 400 сарбаз әскери ант берді

Алматы облысында әскер қатарына шақыртылған 400 жас жауынгер әскери ант берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы Қонаев қаласында орналасқан десанттық-шабуылдау бригадасында Отан алдындағы борышын өтейді. Олар бір айда жас жауынгер дайындығынан өтті. Қатаң әскери тәртіпке бейімделді. Енді қарудан оқ атуды үйреніп, қауіпсіздік ережелерін жаттап, әскери техниканы меңгере бастайды.

Бекзат Елдосұлы, жас сарбаз:

- Алдымызда бір жыл бар. Отан алдындағы борышымызды өтейміз. Қазақстан Республикасына қызмет етемін.