Қостанайда ерекше балаларға қолдау көрсету жұмысы артады

Қостанай облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған паралимпиадалық спорт түрлерінен жаңа үйірмелер мен инклюзия кабинеттерінің ашылуы дәлел. Биыл мектептерде олардың үлесі 2,5 есеге артты. Сонымен қатар түзету топтары жеке балабақшаларда да пайда болған.   

Биылдан бастап ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мемлекеттік қана емес, жеке балабақшаларда қабылдауға кірісті.

Лидия Бугатаева, қалалық Білім бөлімінің әдіскері:

- Бұған дейін арнайы топтар мектепке дейін білім беретін мемлекеттік 10 мекемеде ғана болды. Ал биыл мемлекеттік тапсырысқа жеке балабақшалар қатыса алады. Соның ішінде 92 орын түзету бағытын қамтыса, 8 орын жалпы білім беру топтарына тиесілі болады.

Мектептерде инклюзияны қолдау кабинеті көптеп ашылып жатыр. Бұл мақсатқа 70 млн теңге бөлінді.

Анна Лазарева, облыстық Білім басқармасының баспасөз хатшысы:

- Былтыр облыс бойынша 4 кабинет пен 2 ресурстық орталық жұмыс істесе, биыл инклюзияны қолдайтын 10 кабинет ашылды. Оның үшеуі облыс орталығында орналасады.

Бұл мектепте инклюзиялық білім алты жыл бұрын енгізілген. Арнайы кабинет бір ай бұрын ашылған. Балалармен психолог, логопед және дефектолог жұмыс істейді.

Арайлым Бестібаева, қалалық №21 орта мектептің психологы:

- Осы кабинетте балаларды қалай отыру керегін үйретіп, кейін сыныпқа апарамыз. Сыныпта ерекшеліктерін байқаймыз. Яғни олар сыныпта қалай отыру керегін толық біліп, өздерін ұстай алады. 

«Бочча» деп аталатын спорт үйірмесінде қазір он бала бар. Паралимпиадалық спорт түрі әлеуметтік жоба шеңберінде танымалға ие.  

Нұргүл Ұлжекова, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының директоры:

- ДЦП-мен ауыратын балалар бірінші жаттығуға келген кезде қолын әрең көтере алатын. Ал қазір 2-3 метрге дейін сол допты лақтыра алады. 24 менталды ауруы бар балалар олар бір-бірімен сөйлесе бастайды.

Келер жылы аймақтағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар жазғы демалыспен қамтылады. Оңалту орталықтары екі жүзде аса бала қабылдауға дайын.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров