Жеті мемлекет цифрлық орталық құрады

Ауғанстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан.

Осы жеті мемлекет цифрлық орталық құрады. Цифрлық орталық - жүк тасымалы, кедендік бақылау секілді үдерістерді жеңілдетеді. Бұл туралы  Қазақстанның төрағалығымен өткен «Неғұрлым жасыл, әрі қауіпсіз болашақ» атты экономикалық форумда айтылды. Аталған жеті мемлекет - СПЕКА-ға мүше. СПЕКА – бұл  Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия елдерінің экономикасын дамытуға арналған арнайы бағдарламасы. Жалпы «Қазақстан мен СПЕКА елдері арасындағы тауар айналымы айтарлықтай өсіп келеді. Биыл жарты жылдың өзінде ол 4,8 млрд долларға жетті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 33 процентке жоғары. Негізінен біз жақтан экспортқа ұн мен бидай шығарылады. Делегаттар халықаралық сауда, көлік қатынасы, цифрлық технологияны жетілдірумен қатар жасыл экономикаға көшу жайлы ойларын ортаға салды.

Абзал Әбдікәрімов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары: 

- Осы форумның аясында біз қабылданған стратегиялық документтерімізді айттық. Экологиялық кодекс. Жасыл экономикаға көшу, концепциясы. Қазіргі таңда мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі ол көміртегі бейтараптығына жету стратегиясы. 2060 жылға дейін біз осы көміртегі бейтараптыққа жету яғни, бүкіл шығарылып отырған газдар, атмосфераға жіберіліп жатқан зиян газдарды 60 жылға дейін азайту.