Павлодар облысында адасып қалған жалғыз аққу құтқарылды

Ол Екібастұздағы Ащыкөл көлінде, мұздың үстінде жүрген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құсты бірінші болып көрген пойыз жол серігі волонтерлерге хабарлайды. Ал аққуды құтқаруға орманшылар арнайы барған. Бес күн бұрын таба алмай, бос қайтқан екен. Қанаттыны екінші рет барғанда ғана құтқарып алды. Аққу бүгін орман шаруашылығына жеткізіледі. Құсты орналастыру жағы ветеринарлық клиника мамандары тексергеннен кейін белгілі болады.