Таразда Тынышбай Рахымовты еске алу кеші өтті

Таразда ақын, сазгер,  журналист Тынышбай Рахымовты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған оның туыстары мен жергілікті ақын-жазушылар жиылды. Кеште сазгердің танымал әндерін өнерпаздар нақышына келтіре орындап, оқушылар өлең-жырларын оқыды. Тынышбай Рахым – Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтың иегері. 20-ға жуық жыр жинағы мен «Алтайдан сәлем» атты, ән жинағының авторы. Қызмет жолын ұстаздықтан бастаған ақын, әр жылдары баспасөз саласында еңбек етті. Халыққа танымал «Кеш жарық!» хабарының авторы және жүргізушісі болды. Жиынға жиылған қауым, тұлғаның есімін есте қалдыру үшін бірқатар ұсыныстар мен тілектерін жеткізді.

Гүлнәр Есмаханова, журналист:

- Бір әннің өзі «Алтайдың ар жағынан келген ару» бұл бүкіл дүние жүзі қазақтарының гимні десем де артық айтпаған болар едім. Тараз қаласында 62 мектеп бар. Сол мектептердің тең жартысында аты жоқ. Сол бір мектепке Тынышбай Рахымның атын беріп, сол Тынышбай ағаның да қалалық, аудандық, облыстық дәрежеде Тынышбай оқуарын ұйымдастырсақ. Келешек біздің ұрпақтарымыз біліп отырса, әрине, ғасырдан ғасырға жететін есім.

Сондай-ақ...