Кәрім Мәсімовке қатысты сот отырысы басталды

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды.

Ақпаратты елордалық соттың баспасөз қызметі растады. Іс "өте құпия" деген белгімен қаралады. Жақында Бас прокуратура қылмыстық істі зерттеп, айыптау актісін бекіткенін хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану баптары бойынша айыпталуда.