Қарағанды облысындағы сайлау учаскелерінде сауалнама жүргізілді

Қарағанды облысындағы сайлау учаскелерінде сауалнама жүргізілді

Қазақстанда экзитполға қатысуға ресми рұқсат алған 7 ұйым бар. Солардың өкілдері Қарағандыдағы сайлау учаскелерінде сауалнама жүргізуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауалнама кезінде тұрғынның аты-жөні сұралмайды, тек қай үміткерді таңдағанын тіркейді. Дауыс беруге келген халықтың көпшілігі бұған түсіністікпен қараса, кейбірі жауап беруден бас тартып жатыр. Экзитпол жұмысы кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады.