Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Өскеменде дауыс берді

Саясат та үлкен спорт сияқты. Онда ұжымдық жұмысқа үлкен мән беріледі. Мемлекеттің болашақтағы дамуы сол ел тұрғындарының саяси көзқарасы мен дұрыс таңдау жасай білуіне тікелей байланысты. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова осылай деді.

Оның 18 жастағы қызы Анастасия жеңіл атлетикадан өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды. Өзінің туған отанындағы саяси додадан тыс қалмайын деп Түркияда дауыс беріп жатыр. Қазір ол шетелде оқу-жаттығу жиынында жүр.

Ольга Рыпакова, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері:

– Отбасы мүшелерімнің барлығы сайлауға қатысуда. Өйткені бұл біз үшін өте маңызды күн. Қызым биыл 18-ге толып, ең алғаш рет сайлауға барды. Дұрыс таңдау жасады деген ойдамын. Отандастарымды қалыс қалмауға және саяси додаға белсенді қатысуға шақырамын.