Павлодарда екі мыңнан астам байқаушы жұмыс істеді

Ертіс өңіріндегі саяси науқан барысы екі мыңнан астам байқаушының жіті назарында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта олар 500-ден астам сайлау учаскесінде жұмыс атқаруда. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Партиялық емес бақылау орталығы мүшелерінің айтуынша,  дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Заң талаптарын бұзу деректері тіркелген жоқ.

Айта кетейік, байқаушылар екі ауысыммен жұмыс істейді.

Алма Қозбаева, Павлодар облысы бойынша «Партиялық емес бақылау орталығы» ҮЕҰ төрайымы;

– Осы таңда ешқандай құқықбұзушылық болмаған. Біз оған жауаптымыз. Біз бар болған жерде еш заңбұзушылық болмайды деген мақсатпен бүгін шығып отырмыз. Біздің бастапқы жұмысымыз сайлау үрдісіне қатысатын учаскелік комиссиялар және сайлаушылар, басқа байқаушылардың құқықбұшылықтарды өткізбеуіне біз баға береміз.