Тарихи күнде ел өз таңдауын жасады – СҚО

Солтүстік Қазақстанда қарапайым жұртпен қатар қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және спортшылар да бір кісідей сайлауға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстың құрметті азаматы, ардагер спортшы Жамбыл Тасеменов өзі тіркелген учаскеге отбасымен барып, ел ертеңі үшін дауыс берді. Абыз ақсақал мемлекетіміздің болашағы жарқын болатынына сенімді.

Жамбыл Тасеменов, ҚР құрметті спорт қайраткері:

– Болашақ Президентіміз сондай мәселелерді шешсе: Халықтың жағдайын жақсарту, жас балаларды тәрбиелеу, спортқа бейімдеу балаларды. Спортпен айналысса, халқымыздың денсаулығы мықты болады. Мен өзім спорт маңында көп жыл қызмет істедім. Сондықтан соны қалаймын.