Кәсіподақтар ұйымы еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешуге күш салады

Кәсіподақтар ұйымы еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешуге күш салады

Сол себепті халықтық коалиция құрамына кірген кәсіподақтар федерациясы кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені қазіргі Президент жұмысшылардың құқығын қорғауға көңіл бөліп келеді.

Республикалық Федерация төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев жыл басынан бері ұйымдардың 2 мыңнан аса өтініш қабылдағанын айтады. Көпшілікті ұжымдағы қауіпсіздік пен еңбекақының уақытылы төленуі алаңдатады.

Нұрлан Өтешев ең алдымен жұмыс беруші мен жұмысшы арасында келісімшарттың жасалмауы, әділетсіздікке жол беріп жататынын алға тартты.

Нұрлан Өтешев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

- Әділдікті іздеп, талап етеміз әрқашан. Ол жұмыс берушімен қарым-қатынас болсын, билікпен қарым-қатынас болсын. Сол әділеттілік арқасында үлкен дамуға жете аламыз деген көзқарастамыз.