Таразда жүрекке жаңа әдіспен операция жасалды

Елде алғаш рет созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқасқа дефибриллятордың соңғы нұсқасы орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Операция Тараздағы жеке клиниканың бірінде жасалды.

Құрылғының ерекшелігі, науқас немесе дәрігер жүрек жұмысын смартфон арқылы бақылай алады. Заманауи нұсқаны жергілікті дәіргерлерге сербиялық профессор үйретіп жатыр.

Бірегей операцияға 62 жастағы Тараздық тұрғын келісім берген. Ол жеті жыл бойы жүрек жеткіліксіздімен ауырған. Яғни жүректің қан айдауы баяу болып, дененің өзге мүшелеріне қажетті көлемде жетпеген. Ал, соңғы үлгідегі дефибриллятор жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді дейді, - дәрігерлер. Ерекшелігі, жүректің соғу жиілігін ұялы телефоннан бақылауға болады. Бұл жағымсыз жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді дейді, - мамандар. 

Ернұр Сауранбаев, кардиолог дәрігер:

- Жүректің жұмысын реттейді. Синхронды түрде жиырылуын. Бұл 3 камераға қолданылады. 3 электрод қолданылады. Басқа құрылғылардан ерекшелігі бұны ұзақ ара қашықтықта қолдануға болады.  Науқас қай жерде болса да , оны өзіміздегі программа бойынша смартфон желісі арқылы бақылап қадағалап тұруға болады.

Заманауи технологияны жүрекке орнату үшін көкірек қуысын кесудің қажеті жоқ. Дәрігерлер науқастың сол жақ бұғанасының астынан, 4-5 см ғана кеседі. Солайша көк тамыр арқылы 3 электродты жүрекке бағыттайды. Тың технологиямен жасалған ота Сербиядан келген профессордың жетекшілігімен өтті.

Горан Милашинович, Белград медициналық университетінің профессоры:

- Әлемде дефибрилляторды жүрекке орнату бойынша оталар 10 жыл бұрын басталған. Ал, біздің бүгінгі салып жатқанымыз, солардың ең соңғы үлгісі. Қолданысқа бірнеше ай бұрын ғана берілді. Бұл құрылғы жүректің табиғи соғысын қалыпқа келтіреді. Жүрек жеткіліксіздігін жоюға көмектеседі. Импланталған құрылғыны bluetooth арқылы бақылап, ақпарат алуға болады.

Жамбылдық ақ халаттылар тәжірибелі маманмен бірге әлі 3 операция жасайды. Жалпы жаңа құрылғының құны 7 млн теңгеге жуық. Дегенмен ота Қазақсандықтар үшін медициналық портал арқылы тегін  жасалады. Ал, шетел азаматтарына ақылы негізде.

Авторлары: Мерей Бает Бақытжан Бапаев