Астанада ерекше балалардың аналарына арналған бизнес-тренинг өтті

Астанада ерекше балалардың аналарына арналған бизнес-тренинг өтті

Елордалық кәсіпкерлер ерекше балалардың аналарына арналған бизнес-тренинг өткізді.

Оларға өз ісін  ашып оны дамытудың қыры-сыры үйретілді. Және мемлекеттік грантты иелену жолдары түсіндірілді. Семинарға жүзден астам әйел қатысты. Кездесу соңында кәсіпкерлер балаларға кітаптар мен сурет салуға арналған керек-жарақты сыйлады.

Самал Атагелдинова, кәсіпкер:

- Баламызды болашақ Қазақстанның азаматы етіп өсіруге кішігірім болса да үлесімізді қосып жатырмыз. Яғни білім беріп жатырмыз. Мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіншіліктерді айтып жатырмыз. Қайтарымсыз гранттар кәсіп бастау жолындағы. Гранттар жайлы біреу білсе екнішісі біле бермейді. Көбінесе осал топтағылар да мемлекеттен көмек алып кәсіп бастай алады.