Елімізде гидрогеология саласы бойынша маман тапшы

Бұл мәселе бүгін Сәтбаев университетінде өткен ғылыми конференцияда жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Биыл елде тау-кен, инженер, гидро-геологтарды даярлау ісі қолға алынғанына 90 жыл толып отыр. Оның үстіне ғалымдар қауымы Қазақстан гидрогеология ғылымының негізін қалаушы, академик Жұрымбек Сыдықовтың 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ол зерттеген жер асты суларының қоры, бүгінгі таңда ел игілігіне жарап тұр. Қазір жер асты қорларын барлау заманауи үлгіде жүгізіледі. Сондықтан «Бізге жаңа технологияның тілін жетік білетін білікті мамандарды даярлап шығу қажет», -дейді ғалымдар. Алайда қазір жастар арасында гидрогеология мамандығына деген қызығушылық жоқ. Тіпті жоғары оқу орнын бітірген студенттер де өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмейді. Табысы төмен, жұмысы ауыр болғандықтан көбі басқа салаға ауысып жатады.

Ерғали Әуелхан, Сәтбаев университеті «Гидрогеология және инженерлік геология» кафедрасының профессоры:

- Заман талабына сай қылып даярлауымыз керек. Соған байланысты өндірістік компаниялардан келген мамандармен біріге отырып, оқу жоспарын, оқу бағдарламасын  қабылдаймыз. Осыған байланысты елімізде гидрогеология саласын қазір үкіметемізде жақсы көңіл бөліп, магистратураға бакалаврға жаңа гранттар бөлініп көлемді мөлшерде соған дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ...