Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешен салынады

Түркістан облысында агроөнеркәсіптік индустриялық кешен салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаны жүзеге асыру үшін Ордабасы ауданында төрт жүз гектар жер телімі белгіленді. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары мен мал бордақылау алаңдары болады. Кәсіпкерлер жер учаскесін тегін ала алады. Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда 66 кәсіпкер жаңа өндіріс орындарын ашып, іс бастауға ниет білдірді. Ал «Бадам» индустриалдық аймағында қазір төрт зауыт толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жақында тағы екі кәсіпорынның құрылысы аяқталады. Жүз гектар жерді алып жатқан өндіріс кешенінің жиырма гектары ғана бос. Мамандар жыл соңына дейін екі кезеңді қамтыған инфрақұрылым жүйесі толық аяқталатынын айтады.

Фатима Тәшімова, Ордабасы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Негізі аймаққа орналасуға ниетті жобалардың қатары жыл санап артуда. Бірақ ол жердің негізгі бағыты өңдеу өнеркәсіп саласындағы жобалар отарады ол жерге. Сол себепті көп жобаларға шектеу қойылады. Желтоқсан айында инфрақұрылым толық қолданысқа берілген кезде жобалардың бәрінінің тұтыну қажеттіліктерін жабатын боламыз.