Екібастұзға көмекке Павлодардан 22 тәжірибелі маман келді

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің мәліметі бойынша олар қажетті құрал-жабдықтар алып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар келе іске кірісті. Қазір жылу беру учаскелерінде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, олар өндірістік кәсіпорындардан бөлінген бригадалардың жұмысын үйлестіреді. Павлодардан бөлек Қарағанды, Астана, Петропавл қалаларынан тағы 150-ге жуық маман келеді. Олар үшін  № 23 орта мектепте және № 36 орта мектепте 100 және 50 орындық жылу пункттері жасақталған. Онда ыстық тамақ беріледі.