Жезқазғанда жылуға қатысты мәселе шешімін тауып келеді

Жезқазғанда жылуға қатысты мәселе шешімін тауып келеді. Жылу электр орталығында 4 қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бесіншісі желтоқсанның 15-іне дейін қосылады. Ал 1 қазандық дәл қазір резервке қойылған. Орамішілік құбырлардағы жылу температурасы нормаға сай. «Пәтеріміз салқын» деген бірді-екілі тұрғындардың өтініштері шұғыл қаперге алынған. Шаһарға жылу беретін кәсіпорындар мен әкімдікте халықтың шағымын қабылдайтын қызмет жасақталған. Сонымен қатар облыс бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 109 колл-орталығы да тұрғындардың жылуға қатысты өтініштерін қабылдайды.