Әбсаттар қажы Дербісәлінің туғанына – 75 жыл

Алматыда көрнекті ғалым, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің туғанына 75 жыл толуына орай «Шығыстану және руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол - Ұлттық ғылым академиясының академигі. Мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметте 50 жыл еңбек еткен. Ол өзі біраз жыл оқытушы болған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры ашылды. Оған қоса Шығыстану факультетіндегі бір дәрісханаға академиктің аты берілді. Ғалым осы факультетті құруға атсалысып, шығыстану ғылымы мен дін саласында көптеген кітап жазған. 

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

- Мешіт пен медреселер» кітабында еліміздегі бүкіл тарихи мешіттер, заманауи мешіттер, тарихи медреселер, қазіргі уақытта салынған медреселер жөнінде кеңінен ақпарат берілді елімізде. Алдағы уақытта ҚМДБ төралқа мәжілісінде хазіретіміздің атын еліміздегі бір мешітке берулі жоспарлануда.