Екібастұзға 5200 жылу батареясы жеткізілді

Апат салдарын жою мақсатында Екібастұзда қазір жылу радиаторлары ауыстырылып жатыр.

Жедел штабтың хабарлауынша, бұл іске 300-ге жуық маман және 52 техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта 5200 жылу батареясы жеткізілді. Пәтердегі ішкі жылу беру жүйесін қалпына келтіру үшін тұрғындар 74-00-41 номеріне хабарласа алады.

Сонымен қатар өтінішті экранда көрсетілген WhatsApp номерлеріне қалдыруға болады:

WhatsApp желісі: 8 707 627 9332

                            8 775 710 0291

- Біз осында штаб ұйымдастырдық. Мұнда келіп біздің қызметкерлер жылына алады. Жылыту батареялары осында жеткізілген. Егер жылыту қондырғылары шыдас бермей жарылып жатса, онда бірден ауыстырып береміз. Көмектесеміз.

Елена Анисимова, Екібастұз қаласының тұрғыны:

- 5 күннен бері біз жылусыз отырдық. Қалың киімдерімізді киіп, амалдадық. Қазір үйімізге жылу, ыстық су  берілді. Қолғабыс еткен барша қызметкерлерге алғысымды білдіремін.