Қызылжарда Кеңес Одағының батыры құрметіне мемориал ашылды

Қызылжарда Кеңес Одағының Батыры Садық Әбдіжаппаровтің құрметіне арналған мемориал ашылды. Ескерткіш тақтасы облыстық прокуратура ғимаратының алдына орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қан майданға 18 жасында аттанған жауынгер жалғыз Батыс Двина өзенін жүзіп өтіп, пуле-мётімен 30-ға жуық неміс солдатын жер жастандырған. Елге аман- есен оралған ол соғыстан кейінгі жылдары күштік құрылымдарда еңбек етті. Оның ішінде осы прокуратура саласында да тер төккен.

Әбу – Әли Саттар, облыс прокурорының бірінші орынбасары:

- Батыр Әбдіжаппаров Ұлы Отан соғысынан елге абыроймен қайтып Петропавл қаласының прокуратурасында тергеуші болып  қызмет атқарған. Бүгінгі жас ұрпақ сол соғыстан кейінгі кезеңде бейбіт өмір үшін қылмысқа қарсы күрес жүргізген батырды ұмытпау керек. Жас мамандар батыр атамыздың ерлігін үлгі тұтып, халыққа адал қызмет ету керек.

Сондай-ақ...