Елімізде шайпұл мәдениетінің қалыптасуы

Елімізде шайпұл мәдениеті қаншалықты қалыптасқан? Негізі тамақтану орындары мен мейрамханалар тұтынушыға қызмет көрсеткені үшін есепшотқа 7-15% дейін қызмет ақы қосып әкеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рестораторлардың айтуынша, бұл ақша даяшының ақысы.

Заир Әбдіралиев студент. Бос уақытында мейрамханада даяшы болып жұмыс істейді. Айтуынша, мерейтойда қызмет көрсеткені үшін оған 7 мың теңге төленеді. Оның үстіне ол өз үлесін есепшоттағы 10% алады.

Заир Әбдіралиев, даяшы:

- Онда біздің күнделікті ақша болмай қалады. құр шаупұлға қарап отқан болмайды. Күнделікті 10%. Осы күнделікті ақшамен жүрген ыңғайлы.

Рестораторлар даяшының қызметі қосалқы жұмыс екенін айтады.  Яки тұрақтылық жоқ. Әрдайым жаңа мамандарды үйретіп отыру керек. Ал осы шайпұл даяшыларды ынталандыруға көмектеседі. ​ ​

Айсұлу  Юсупова, мейрамхана басшысы:

- Мен даяшылардың жұмысы ауыр екенін білемін. Олар бірнеше сағат бойы тік тұрып, жүгіріп жүреді. Жас болса да кез-келген адам мұндай жүктемеден шаршайды. Мәселен, сағат 18:00-дегі мерейтойға олар 3 сағат бұрын келіп дайындалады. Одан кейін жинастырып, түнгі 03:00-те қайтады. Әрине біз оларға айлық береміз. Десе де жаңағы 10% шайпұл қосымша ақы ретінде өздерінде қалады. Өйткені бізде өздігінен шайпұл қалдыратындар аз.

Осы ретте, тұтынушыға қосымша қызмет ақысы қосылатыны алдын ала ескертілуі тиіс. Егер келуші бұл туралы білмесе онда процентті төлеуден бас тарта алады.

Вероника Нұрпейісова, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі​:

- Біз мәзірге қызмет көрсету үшін 10% төленетінін жазып қоямыз. Бұл 10% алуға құқығымыз бар. Алдымен мекеменің кіреберісінде тұтынушыға қызмет көрсету үшін алынып жатқанын ескертуіміз керек. Елде шайпұл мәдениеті дамымаған. Яғни бізде қоғамдық тамақтандыру орындарындағы адамдар тамақтанады, бірақ олар даяшының еңбегін бағалауды біебермейді. Егер даяшының қызметі көңілден шығып жатса, онда 100-200 немесе 5000 теңге соммаға дейін қалдыруға болады. Айтпақшы, даяшылар күніне 2000 немесе 3000 теңге алады. Тұтынушының келуіне байланысты. Ал даяшы қосымша ақыны осы шайпұлдан ғана ала алады.

Ал қызмет үшін есепшотқа 10% ақы қосылғанын жақтырмайтындар да жоқ емес.

Алайда, мәзірдегі 10% алып тастаса, даяшылардың айлығы да мардымсыз болатыны анық. Ал жүгіріп жүріп әр тұтынушының көңілінен шыққан жұмысшыға разылығын білдіру артық етпейді дейді ресторлар. Дегенмен, әзірге елімізде шайпұл мәдениеті қалыптаспаған.