Түркістан облысында 70 мың шаршы метр жол қайта жөнделді

Түркістан облысында сапасыз салынған жолдар қайта жөнделІп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Ұлттық сапа орталығының мамандары жыл басынан бері 734 рет тексеру жүргізіп, жолдардан 444 ақау анықтаған.  Міндетін дұрыс атқармаған мердігерлер 70 мың шаршы метр жолға қайтадан асфальт төсеген. Бұдан бөлек, 37 мың шаршы метр жолдың негізгі қабаты қайта төселіп, 25 мың шаршы метрге жуық жол тегістелді. Ұлттық сапа орталығының  облыстық  филиалы мамандары құрылыс жұмыстарына немқұрайлы қараған техникалық қадағалаушыларды да анықтап, өңірлік сәулет және қалақұрылысы басқармасына хат жолдаған. Нәтижесінде 4 техникалық қадағалаушы лицензиясынан айрылды.

Мейрамбек Тәжіханов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:

- 21 нысанның 11-не айыппұл салынды. Жалпы соммасы 133 млн теңге. Оның 57 млн теңгегесі қазіргі таңда өндірілді. Лицензиясын қайтару бойынша ол аудандық маңызы бар елді мекен көшелері. Оған тапсырыс беруші аудан болып табылады. Солар тарапынан айып тағылып, 3 техникалық қадағалаушы мекеме лицензиясынан айырылды.