Елімізде балаларды мемлекеттік балабақшамен қамту көрсеткіші 98% жетті

Елімізде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мемлекеттік балабақшамен қамту көрсеткіші 98% жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Оның айтуынша, мектеп жасына дейінгі балалар үшін биыл 35 мың орындық балабақша пайдалануға берілді. Келесі жылы еліміз бойынша 81 мың орындық балабақша тапсыру көзделген.

Асхат Аймағамбетов – ҚР Оқу-ағарту министрі:

-  Қазіргі уақытта қандай тапсырма беріп отыр. Президент айтады: «бізге 2 жастан 6-ға дейін кішкентай балақайларды балабақшамен қамту керек», – деп тапсырма берді. Енді осы тапсырма шеңберінде келесі жылғы бюджет бекітілді. Бюджет төңірегінде қосымша қаражат қаралып отыр. яғни мемлекет басшысының берілген тапсырмасы іс жүзінде орындалады деген сөз.