«Шардара» су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстары 2023 жылы аяқталады

Бұл туралы «Қазсушар» мекемесінің Түркістан облыстық филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Стратегиялық нысанның сейсмикалық  жағдайларға төзімділігін арттыру, техникалық жай-күйін жақсарту жұмыстары жүргізілді. Еске сала өтейін су қоймасына жүргізілген сараптамадан соң күрделі жөндеу жүргізу күн тәртібіне қойылды. Төтенше жағдайларды болдырмас үшін шұғыл шешім қабылданып, 2020 жылы 7 миллиард 700 миллион теңге қаржы бөлінді. Шардара су қоймасынан Түркістан мен Қызылорда облыстары су алады. Сондай-ақ кіші Аралға құяды.

Рүстембек Бекмұратов, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының бөлім басшысы:

- Көптеген зерделеу жұмыстарынан соң нысанды жаңғырту қажеттілігі байқалды. Өйткені бұл су қоймасы 1962 жылы салынған. Сондықтан қайта күрделі жөндеуден өткізу қажет болды. Нысан 2023 жылы толық аяқталады деп күтіліп отыр.