Елде құсбегілердің мәселесі шешілетін болды

Құсбегілерге әуе, теміржол көлік-құралдарымен құс тасмалдауға рұқсат беріледі.

Көптен бергі мәселе алдағы жылдың жарты жылдығында шешіледі. Бұл туралы республикалық құсбегілер қауымдастығының жылдық қорытынды конференциясында белгілі болды. Шараға еліміздің 14 облысының белсенді құсбегілері қатысты. Жиын барысында бекзада өнердің төңірегіндегі қордаланған мәселелер талқыланып, алдағы жылдың жоспары бекітілді. Төл өнерді насихаттап жүрген құсбегілер марапатталды.  Сонымен қатар, федерацияға екі вице-президент сайланды.

Айта кету керек, құсбегілер қауымдастығы биылғы жылды 7 турнирмен қорытындыласа, келер жылы ауқымды 12 жарыс ұйымдастырмақ.

Берік Уәли, «Құсбегілік» Федерациясының президенті:

- Ортақ мәселелеріміз бар. Соны талқылап шешу жолдарын айқындап мақсат міндеттерді жолға қойып алдық. Мұндай кездесу керек. Көптен бері айтылып жүрген құсбегілердің жарысқа жету мәселесі. Жолдың яғни қоғамдық көлікте, теміржолда, әуежолында тасмалдау мәселесі үнемі күн тәртібінде. Бұл мәселені шешу арнайы осыны Үкіметке жеткізу. Ережеге өзгеріс енгізу мәселелерін ортақ нақтылап пысықтап шешімге келгендей болдық.