2025 жылға қарай елде көлеңкелі экономика 15%-ке азаяды

Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов осылай деді. Бұған дейін Үкімет 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспар бекіткен болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ақпараттық-тексеріс жүйесі арқылы іске асуда. 54 тармақтан тұратын жоспардың 26-сы Кірістер комитетінің жеке құзыретіне кіреді. Қалған 14-і өзге органдармен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.  Данияр Жан-әліновтың айтуынша, жоспардағы 54 іс шараның бүгінде жиырмасы орындалды.

Данияр Жанәлінов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

- 18 мыңға жуық салықты тексеру аяқталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге көп. Бұл ретте 562 млрд тг қосымша салықтар есептелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 296 млрдқа артық. 2354 кедендік тексеру жүргізілді. 149 кедендік төлем мен салықтар саналып отыр. бұл өткен жылмен салыстырғанда 128 млрдқа артық.