Нейронды желілер бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қолданылып жатыр

Бұл технология мәтінге тақырып жазып, оған сай келетін сурет таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бірінші орталық Азия медиафорумының қатысушылары осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғап, нейронды желілер бойынша ынтымақтастық орнату туралы айтты.

Амир Бозиев, IT инженер:

- Жасанды интеллекттің арқасында мобильді қосымшалар жасауға болады. Ол жұмыс қарқынын ілгерілетуге мүмкіндік береді. Кейін тұтынушылар дайын өнім сатып алады.