Журналистерге ақпарат алу қолжетімді болады

Журналистерге ақпарат қолжетімді болады. Бұған қоса Мемлекеттік органдардың тілшілердің сауалына жауап беру уақыты қысқаруы мүмкін. 

Масс-медиа туралы жаңа заң жобасында осындай жаңашылдықтар бар. Бұл туралы Ақапарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Берік Уәлимен бетпе бет» бағдарламасында айтты. Министрдің айтуынша, құжатта журналистердің әлеуметтік пакеттерді пайдалану, журналист картасын енгізу туралы баптар бар. Сондай-ақ тілшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де қаралады. Бағдарлама барысында министр жалған жаңалықпен күрес және ақпарат үшін жауапкершілік туралы да айтты.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Офлайн өмірдегі заңбұзушылық ол онлайн өмірде де заңбұзушылық болып есептелу керек. Заңның алдында баршамыз бірдейміз. Сондықтан Масс медиа туралы заңы осы фэйк ақпаратқа байланысты, жалған ақпарат манипуляция, жалпы адастыруға байланысты мәселелерді реттеу көзделген. Кейде біз рейтинг қуалап, жеңіл жорлмен оқырман жинау үшін кейде ақ-қарасын ажыратпай, тексеремей, тексерілмеген ақпаратты тарата береміз. Ол жерде аудитория жинап алу ғана басты мақсат. Сондықтан заң жобасында бұл қарастырылады. Ол жарнамамен бірге қарастырылады.