Ақмола облысында жауапсыз мердігерлерге айыппұл салынды

Ақмола облысында жауапсыз мердігерлерге айыппұл салынды

Ақмола облысында жауапсыз мердігерлерге 30 млн теңге айыппұл салынды.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жыл басынан бері 72 рет тексеру жүргізген. Сапаны ұмытқан компаниялардың үстінен 69 әкімшілік іс қозғалды. Мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысында олқылықтар анықталған. Қазіргі таңда заң бұзушылықтардың 50 пайызы жойылып, қалған кемшіліктер түзетілуде. Сонымен қатар, 15 мердігер тиісті жобалау-сметалық құжатынсыз  құрылыс жүргізген. Нәтижесінде 4 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Арман Ризанов, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

-  Қадағалау субъектілері әрдайым өз міндеттемелерін сапалы орындай бермейді. Мердігерлік ұйымдар жұмыстың дұрыс орындалуын мұқият тексермейді. Яғни олар жобамен де дұрыс таныспайды. Сол себепті сметалық құжаттарда қателік кетеді. Кейде тіпті ол құжатсыз да жұмыс жүргізеді. Ондай жағдайлар облыста көптеп кездеседі. Мұндай жағдай да біз мердігерлерді де, техникалық қадағалау субъектілерін де әкімшілік жауапкершілікке тартамыз.