Бүгін жиырма алты жас сарбаз ант қабылдады

Әскери рәсім Бауыржан Момышұлы ескерткіші алдында салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарбаздық сертті еліміздің әр аумағынан жиналған 36-десанттық шабуылдау бригадасы бөлімінің жауынгерлері берді. Жиынға Қарулы күштердің қызметкерлері мен ардагерлері, «Жас сарбаз» патриоттық клубының оқушылары және әскерге аттанғандардың ата-аналары қатысты. Салтанатты шара Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туған күнімен тұспа-тұс келді. Шара соңында баба рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Бақытжан Ертаев, Халық қаһарманы:

- Отанды шешеңдей, әкеңдей, туысқандай сүю керек. Егерде опасыз болсаң, Отанды сүймесең – сатқынсың деген сөз. Адам бала ер болып туды ма дүниеде, ант алып, Отан үшін қызметке дайын болуы керек!

Сұлтан Аманжол, жас сарбаз:

- Ата-бабамыз ғасырдан ғасырға туған жерімізді ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап келді. Дана халқымыз да Отанды қорғау әр азаматтың парызы деген. Сол себепті біз – Отан тыныштығын күзетуге өз үлесімізді қосатынымызды мақтан тұтамыз!  Және елімді, жерімді қорғауға ант етемін!