Оралда жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді

Оралда 30 отбасы алдағы жаңа жылды су жаңа пәтерде қарсы алады.

Айталиев көшесіндегі 108 пәтерлі көпқабатты үй жаңғырту бағдарламасы аясында бой көтерген. Бұрын бұл жерде әбден тозығы жеткен екі қабатты үй болған еді.

Айта кету керек, қазір облыс орталығында апатты деп танылған 52 көпқабатты үй бар. Жаңғырту жобасы жүзеге аса бастағалы осындай 28 баспана бұзылып, орнына 14 жаңа үй салынды.       

Сәтен Наурызова, қала тұрғыны:

- Бұрын біздер Айталиева 12 «хрущевкада» тұрдық. Ескі, су сыртта, туалет сыртта, ешқандай условие жоқ, тарақан-тарақан үйде тұрдық. Біздің арманымыз осындай жаңа үй еді, арманымызға жеттік.

Мирас Мүлкәй,  қала әкімінің орынбасары:

- Бұдан басқа 180 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. барлығы жалпы алғанда Орал қаласында жалғыз үйлері апатты деп танылған кезекте тұрған адам 244 адам болып саналады. Сәйкесінше осы бағдарламаны жүзеге асырып үйлер тапсырылғанда біз осы кезекте тұрған адамдарды толық осы санаттың барлығына пәтер беру жоспарымызда бар.