Шымкентте баспана кезегіне тіркелген азаматтар саны 49 мыңнан асты

Құрылысы қарқын алған шаһарда жыл сайын, бір миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда пәтерлер үй кезегіндегі азаматтарға қолжетімсіз. Оған бірден бір себеп демографияның өсімі дейді, жергілікті әкімдіктегілер. Өткен жылмен салыстырғанда кезектегі санды, тағы мыңнан астам көпбалалы отбасы мен әлеуметтік әлсіз топтағы жанұя мүшелері толықтырған. Биыл  шаһарда жалпы 1500-ге жуық азамат баспанамен қамтылыпты. Дегенмен бұл пәтерлердің 532-сі ғана кезектегі азаматтарға берілген. Енді әкімдік келер жылдан бастап, құрылыс компаниялары салған тұрғын үйлерді де сатып алып, кезек-тегілерге үлестірмек. Сондай-ақ сатып алу құқығынсыз, арендалық тұрғын үйлер, 500 ге жуық жас маманға үлестірілген.

Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:

- Кезекте тұрған адамдарды пәтермен қамтамасыз етіп, бітіру деген менің ойымша мүмкін емес. Өйткені жыл сайы азаймайды. Керісінше жыл сайын көбейіп жатыр. Қазіргі таңда 49 мыңға жуық адам кезекте тұр. Біз 2023 жылы екі бағытта жұмыс істейміз. Өзіміз де саламыз. Дайын пәтерлерді де сатып аламыз.