loader

Кәріз тазарту жүйесі жаңғыртылады

Әсіресе Көкшетау, Семей, Қонаев, Арқалықтағы кәріз тазарту жүйесінің жағдайы мәз емес. Ірі қалаларда да бұл ахуал бас бармақпен бағалайтындай емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үлкен шаһарларда кәріздік жүйелер   өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынған. Яғни әбден ескірген. Оның үстіне қалдық судың көлемі де жыл сайын көбейіп барады. Оны тазарту  қиынға соғуда. Резервуарлар   шамадан тыс толып кетіп, содан лас суды  өзен-көлдерге ағызуға   тура келеді.

Бұл мәселені үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы да сынаған. Жаңадан кәріздік тазарту жүйелерін салу және оларды жаңғырту жұмыстарын қаржыландыру кешігіп жатыр.

Не істемек керек? Үкімет отырысында премьер-министр жаңа мынадай тапсырма берді.

Бірінші. Индустрия министрлігі  өңір әкімдерімен бірлесіп, 1 ай ішінде әрбір жобаны іске асыру кестесін бекітеді. Және олардың орындалу барысын Үкіметке тоқсан сайын хабарлап тұрады. Әлихан Смайылов жобаларды іске асыру мерзімін оңтайландыру жағын тағы да қарап шығу керек екенін қосып айтты.

Екінші тапсырмасы – өңір әкімдері   кәріздік-тазарту нысандарының жобасын  уақтылы іске асыру үшін  қажетті техникалық құжаттарды жедел әзірлеп, оны бекітуге тиіс. Сосын бұл істе өңірлер халықаралық қаржы ұйымдарымен әріптестік орнатуы керек.

Үшінші тарсырма Кәріздік-тазарту нысандарының қалдықтарын қайта өңдеуге қатысты. Жалпы дамыған елдерде   қалдықтардан электр энергиясын, биогазды   және тыңайтқыштарды алу технологиялары   кеңінен қолданылады. Үкімет басшысы осындай тәсілдерді бізге де молынан енгізу керек деді.

Бұл бағытта экология министрлігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, 2 ай ішінде   халықаралық тәжірибені зерделеуге және тазарту нысандарының қалдығын одан әрі өңдеу жөнінде   ұсыныстар енгізуге міндетті.

Қайырбек Өскенбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Астана қаласында кәріздің тарифі 10-11 пайызға өсуі мүмкін. Себебі елордада тұрғын саны миллионнан асады, тиісінше қалдық су да көп. Ал, шағын қалалардың кәріздік жүйесін жаңғыртуға қаржы бюджеттен бөлінеді. Себебі тұрғыны аз шаһарларда тариф өсіру мүмкін емес. Халықтың қалтасын қағады. Бір ай ішінде әр қала бойынша бағдарлама мен жол картасы әзірленеді. 

Сондай-ақ...