Түркістан облысында ЖРВИ мен тұмау өршіді

Түркістан облысында жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны 32 %-ке артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырғымен салыстырғанда, ересектер арасында тұмау көп. Ал сырқаттанған балалар саны аз. Мамандар алаңдауға негіз жоқ,- деп отыр. Өйткені мұндай вирустық инфекциялардың өршуі – маусымдық құбылыс. Ауру жұқтырмас үшін жеке бас гигиенасын сақтап, халық көп жүретін орындарда бетперде тағу керек.  

Бақтыораз Елемісов, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Тұмау ауруының алдын-алудың ең сенімді жолдарының бірі профилактикалық екпе салдыру екенін естеріңізге саламыз. Осы екпе маусымының алдында біз 298 млн теңгеден астам қаржы бөліп, 304 мың доза вакцина алынып, тиісті контингенттерді толық қамтып ектік. Жалпы облыс халқының 17 % құрайды.