2022 жыл Біріккен Араб Әмірліктерінде президент қазасымен есте қалды

Мамыр айында Халифа бен Заид әл Нахаян 73 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаткердің созылмалы дертпен ұзақ күрескені белгілі. Ол 2004 жылы Араб Әмірліктері тарихындағы 2-президент болып сайланды. 18 жыл ел басқарды. Әлемдегі ең бай адамның бірі ретінде тарихта қалды. Ал, оның қазасынан кейін, Араб Әмірліктері президенттігіне тақ мұрагері, марқұмның інісі Мұхаммед ибн Зайд әл Нахаян тағайындалып, марқұмның ісін жалғады.

Жапония билігінде ойып тұрып алар орны бар, бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэ болса, қастандықтан қаза тапты. Халықтың алдында сөйлеп тұрған саясаткерге атылған оқ екі жерден – жүрек және мойын тұсына тиген. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Ал, 30 тамызда КСРО-ның алғашқы және жалғыз президенті Михаил Горбачев 91 жасында бақилық болды. Оның есімі қайта құру және жариялылық дәуірінің басталуы, "қырғи қабақ соғыстың" аяқталуы, Берлин қабырғасының қирауы, Ауған науқанының аяқталуы және КСРО-ның ыдырауы сияқты оқиғалармен тарихта қалды.

ПАТШАЙЫМНЫҢ АҚТЫҚ САПАРЫ

ЗКТ: 2022-дегі әлем жұртшылығын қайғыртқан тағы бір оқиға – Елизавета II-нің қазасы. 8 қыркүйекте Ұлы Мәртебелі Балморал сарайында қайтыс болды. Ақтық сапарға патшайымды шығарып салу үшін қалың жұрт жиылды. Ол Британия корольдері арасында ең ұзақ билік ету бойынша рекорд орнатты.

«...ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН» 

Қазақстандықтар да 2022 жылы әр салада қызмет еткен бірқатар азаматтан айырылды. Олардың арасында халық жазушысы да, елдің сүйіспеншілігіне бөленген сатирик те бар. Көпен Әмірбек, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, профессор Амангелді Айталы, балет актері Болат Аюханов есімдері халықтың жүрегінде мәңгі қалмақ.