Маңғыстау облысында қылмыстық-атқару жүйесі тарихына арналған музей ашылды

Онда өңір аумағында жарты ғасырдан астам уақыт бойы жұмыс істеген 9 бірдей түзету колониясының шағын макеті қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы көрме залында 300-ге жуық жәдігер бар.

Атап айтқанда, мекемелердің өткен кезеңдерінен сыр шертетін фотолар, жазасын өтегендердің қолынан шыққан бұйымдар, ағаштан жасалған шағын кемелер, темірден түйген гүл түрлері сондай-ақ колония қызметкерлерінің қолданған заттары бар.

Бұдан өзге, қылмыстық-атқару жүйесінің тарихын түзген жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Онда құжаттар мен ардагерлердің естелігі басылған.

Досымбек Бегалиев, Маңғыстау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Мынау музейдің бастамасы. 2-3 айдың төңірегінде жинаған мұрағаттарымыз. Әлі де көп жерден іздестіреміз. Соғысқа қатысқан ардагерлердің балалары қалды. Әр қалаларда тұрады, соларды іздестіріп жатырмыз.