Алматы облысында бір отбасының мүшелері жоғалып кетті

Барлығы 7 адам. Бүгін таңғы сағат 08:00-де облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданындағы Бортоғай су қоймасында төрт ер адам, екі әйел және баланың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Мұның бәрі бір отбасының адамдары. Олар 2-ші қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы қыратына қарай шығып, содан үйлеріне оралмаған. Іздеу жұмыстарына департамент қызметкерлері, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері тартылған.