ШҚО-да мектеп автопаркі жаңартылады

Шығыс Қазақстан облысында ауыл мектептерінде автобустар жаңартылып жатыр.

Қазір 108 елді мекенде оқушылар тасымалдайтын көліктердің тозығы жеткен. Балалар жылы аясында еліміздегі білім ошақтары 515 жаңа арнайы техникамен қамтамасыз етілді. 

Алдағы үш жылда Шығыс Қазақстанда он мектеп салынады. Сондықтан облысқа оқушыларды тасымалдайтын арнайы автобустар қажетмекені даусыз. Қазірдің өзінде  өңірге 2023 жылға деп 11 жаңа көлік сатып алынды. 

Нұргүл Смамағзұмова, Ұлан ауданының тұрғыны:

- Осы мектепте менің 3 балам оқиды. Үш баламды да мектеп автобусы тегін тасымалдауда. Автобустар жайлы, жылы. Педагог-организаторлар сабырлы, мәдениетті. Тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөледі.  

Аймақта оқушылар тасымалы мен қауіпсіздігі басты назарда. Мәселен Ұлан ауданындағы бұл мектеп ашылмай жатып, арнайы көлікпен қамтамасыз етілген екен. 

Айгүл Кәдірова, № 49 мектеп директоры:

- Балалардың қауіпсіздігіне, олардың аман-есен үйіне қайтып-баруына автобус керек. Өйткені біздегі балалардың көбі алыс аудандарда, маңайдағы дачаларда тұратын балалар бар. 1090 баланы осы үш автобуспен тасымалдаймыз. 

Бүгінгі күні облыста 108 елді мекеннен үш мыңнан астам оқушы мектепке арнайы автобуспен қатынап оқиды. Ал бұл көліктердің кейбірі ескіріп, күніне 18 рейске дейін жасайды екен. Сондықтан жергілікті билік мектеп автопаркін жаңартуға бес жүз миллион теңгеден астам қаржы бөліп отыр.

Инесса Чернышова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Мектеп автобустарының техникалық жағдайы тексерілді. Оның қорытындысына сәйкес 11 көлік қажет. Мұнымен қоса жөндеуге болатындарын, қайта қалыпқа келтіретін боламыз.  

Жалпы балалар жылында республикамыздың ауыл мектептеріне барлығы  515 автобус сатып алынды. Олардың басым көпшілігі әсіресе Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жөнелтілетін болады.  Себебі ол жақта сұраныс жоғары. 

Самат Қайырденұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин