Елорда көшелерінен 36 мың текше метр қар шығарылды

Елорда көшелерінен 36 мың текше метр қар шығарылды

Бір түнде елорда көшелерінен 36 мың текше метр қар шығарылды.

Ол 2700 жүк көлігіне тиелген. Қар тазалауға қаланың коммуналдық қызметінен 2 мың 300 адам мен, мыңнан астам арнайы техника түнгі ауысымда жұмыс істеді. Мамандар ең алдымен көлік көп жүретін көшелер мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдарды аршуға күш салған. Қардың қалың түсуіне байланысты Астананың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істейтін режимге көшті. Қыс басталғалы олар полигонға бір миллион текше метрден астам қар шығарған. Егер жүк көлігімен есептесек, 100 мыңнан асады екен.