Боранбаев сот отырысында мәлімдеме жасады

"Біз не үшін айыпталып жатқанымызды түсінбейміз".

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев кезекті сот отырысында осылай деп мәлімдеді. Айта кетейік, кәсіпкерлер Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақовқа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда. Яғни олар "өздерінің бақылауындағы «Азия-Газ-Чунджа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы газ тасымалдау кезінде "Қазақ Газ" акционерлік қоғамы ұлттық компаниясының қаржысын жымқыру схемасын жүзеге асырған" дейді, қадағалаушы орган өкілдері. Сондай-ақ Боранбаев Қаржы мониторингі агенттігінің, оны «Қазақстаннан кетпек болған кезде ұсталды» деген мәлімдемесімен келіспейтіндігін жеткізді. Айтуынша, оның елден қашуға, еш ойы болмаған. Айта кету керек, қазіргі таңда Қайрат Боранбаевқа қатысты сот ісі жалғасуда. Ол өткен жылдың 15-ші наурызында ұсталды. Серіктесі Роман Наханов та қамауға алынды. Ал Тайыр Жанұзақов үй-қамақта отыр. Келесі сот отырысы 10 қаңтарда болады.