Ақтөбеде коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Ақтөбеде коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Ақтөбеде де қар қалың түсіп, коммуналдық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Өткен түнде 130-дан астам арнайы техника мен 90-ға жуық жұмысшы қала көшелерін тазалауға шықты. Өткелдер, көпірлер, жаяу жүргіншелерге арналған жолдар мен аялдамаларға құм себілді. Қыс кезінде қала жолдарын күтіп-ұстауға 11 мердігер мекеме жауапты. Соңғы, 3-4 күнде барлығы да тәулік бойы қызмет етуде. Ауа райын болжаушы мамандардың мәліметінше, алдағы күндері, тағы да қар мол түсуі мүмкін. Жалпы, қазан айынан бері, қаладан 22 500 текше метр қар шығарылған.