Ішкі істер министрі 2022 жылғы қылмыс деңгейіне тоқталды

Марат Ахметжанов Президентке берген есебі кезінде былтырғы қылмыс деңгейіне жеке тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрдің айтуынша, елде адам өлтіру 15, зорлау 28, қарақшылық 21, тонау 6, бұзақылық 11, көшедегі қылмыс саны 4 және мас күйде жасалған қылмыс 12%-ке азайған.

Ал мал ұрлағаны үшін өткен жылы 765 адам жауапқа тартылып, 89 қылмыстық топ жойылды. Соңғы жылы мұндай қылмыстарды ашу дерегі көбейген.