Алматы облысында күре жолдар көктайғақ

Ал Алматы-Қапшағай күре жолы көк мұз, айнадай жалтырап жатыр.

Қар жауса болды Алматы-Қапшағай бағытындағы күре жолмен жүру қиындайды. Күтусіз жолдағы көлік қозғалысын көктайғақ тежейді. Жол тазалайтын техника бар, ақылы жолдан түсіп жатқан ақша да жеткілікті. Бірақ, жол сапасы бәрібір ойдағыдай болмай тұр.

 «Алматы-Өскемен» республикалық автожолына шыққанда асықпаған абзал. Өйткені, ауа райы құбылмалы. Түске таяу еріген қар суы жолға жайылып, мұз болып қатып, көктайқақ орнайды»

Қыстың аязды күндері күре жолдың Алматы мен Жетіген кенті аралығы қиындық соқтырады. Дәл осы тұста жол көлік оқиғалары да жиі кездеседі. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше өткен жылы Алматы-Қапшағай бағытында 63 көлік апаты болып, 75 адам жарақат алған. Ал көктайғақта жол жүруі тіпті азап.

Қайрат Нұрғалиев, көлік жүргізуші:

- Енді қиындап бара жатыр. Жолды тазалап жүр ғой енді. «Енді болады ғой, біреуі сақтайды ережені, біреуі сақтамайды. қатты жүреді.

Владимир Нефедкин, көлік жүргізуші:

- «Таңертең көктайғақ болады. Құмды уақытылы сепсе дұрыс болар еді ғой. Қар жауған кезде уақытылы тазартып тұру қажет. Күн-ара  бір көліктің  жолдан шығып, не бұзылып тұрғанын көремін.

Жалпы Алматы-Өскемен автожолымен күніне он мыңға жуық көлік жүреді. Ал жаз мезгілінде ол отыз мыңға жетеді. Интенсивтілік өте жоғары. «Өткен жылы бұл ақылы жолдан 1 млрд теңгеден артық ақша жиналды. Ол ақшаның барлығы сол жолды күтіп ұстауға толығымен жұмсалады. Соңғы аптада қар қалың жауды. Жел екпіні күшейді. Жолды уақытылы тазартуға техниканың үлгермейтін қалатын кездері болады» дейді  жолға жауаптылар. 

Мерей Шахарбаев, Ақылы жолдар филиалы директорының орынбасары:

- Желдің қатты болу кезіндегі көктайқаққа қарсы материалдардың ұшып кетуі, соған қарамастан жол жамылғысын әрдайым біздің қызметкерлер назарда ұстап отыр. Қазір 42 шақырымында бізде 15 арнайы техника, қырыққа жуық адам жұмыс жасап жатыр. Жыл басынан бері 700 тоннаға жуық арнайы көктайғаққа қарсы материалдар төселді

Қазгидромет мекемесінің мәліметінше Алматы облысының барлық аймағында күн күрт суытады. Алматы-Қапшағай бағытындағы жолда еркін жүру қиындайтыны анық. Сондық өңірлік төтенше жағдай департаменті жолға шығарда абай болуды ескертеді»