Көктайғақтан Алматыда өткен тәулікте 158 жол көлік оқиғасы тіркелді

Жарақат алғандар бар. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. «Жүргізушілер жол ережелерін, көлік жүргізу мәдениетін сақтап, мұқият болса, қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады», - дейді.

Айта кетейік, Алматыда кешеден бері қар толассыз жаууда. Қалада 15 сантиметр қар түссе, таулы аймақта 20-25 сантиметр қар жауған. Бүгін ауа температурасы минус 12-ні көрсетіп тұр. Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәулікте аяз күшейе түседі.