Өскеменде жүрек ақауы бар шақалаққа операция жасалды

Жүрегінің ақауы бар өскемендік шақалаққа, елордалық дәрігерлер шұғыл операция жасады.

Нәресте Астанадағы кардио-хирургия орталығына сан-авиациямен жеткізілді.  Ата-анасы еліміздің адам құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінен көмек сұраған. Нәтижесінде денсаулық сақтау басқарамасы басшыларымен бірлесе отырып, жедел дәрігерлік кеңес ұйымдастырылды. Бас қаладағы нео-на-толог мамандармен ақылдаса келе, шұғыл түрде квота рәсімделіп, операция жасалды. Қазір нәресте оңалтудан өтіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, өңірде  былтыр жүрек ақауы бар, үш сәби дүниеге келген. Оларға қажетті ем-дом еліміздің тек үш медицина орталығында жасалды.

Серік Мизанбеков, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ШҚО бойынша уәкілі:

- Нәресте біраз уақыт бойы ауыр хәлде болған. Сондықтан дәрігерлердің дені операция жасаудан бас тартты. Тек астанаджағы кардио орталығы мамандары көмекке келуге дайын болды. Мерекеге орай демалыс күндерінің болғаны да кедергі болды. Соған қарамастан шұғыл квота бойынша есепке алып, жедел операция жасаудың сәті түсті.

Асхат Қуанышбаев, ШҚО Ана мен бала орталығының бас неонатологы:

- Шұғыл операция болмаса нәрестенің жағдайы ауыр болар еді. Дерті күн өткен сайын ушыға береді. Сондықтан отаның көмегіне жүгінуден басқа жол.